Әлеумет

1 шілдеден бастап ақыл-ойында кемістік бар балалар шипажайда сауықтырудан өте алады

1 шілдеден бастап ақыл-ойында кемістік бар балалар шипажайда сауықтырудан өте алады

 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде 1 шілдеден бастап ақыл-ойында кемістік бар балаларға шипажайда сауықтыру қызметі ұсынылатынын хабарлады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«1 шілдеден бастап қосымша өзгерістер жоспарланып отыр. Жөргектердің нормасы 2 данадан 4 данаға дейін ұлғаяды. Пилоттық режимде 1 шілдеден бастап дәрігерлердің қорытындысы бойынша ақыл-ой кемістігі бар балаларға санаторий-курорттық емдеу қызметтерін көрсету жоспарланып отыр. Мүгедектігі бар балалар майланған катетермен қамтамасыз етіледі», - деді ол. Вице-министр мүгдектігі бар адамдарды оңалту үшін елдің 12 өңірінде 150 орындық оңалту орталықтарын ашу жоспарланғанын еске салды. «Министрлік барлық өңірге оңалту оартылғының үлгілік жобалау-сметалық құжаттамасын таратты. Осы тізімдегі алғашқы оңалту оратылғы ақпан айында Абай облысының Семей қаласында ашылды. Бұл орталықта мүгедектігі бар ересектер де, балалар да ем алады. Қалған 6 өңірде (Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Ақтөбе) құрылыс жүріп жатыр. Тағы 5 өңірде (Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар, Жетісу) құрылыс құжаттары дайындалып жатыр», - деді Назгүл Сағындықова.