Жамбыл облысының аудандарында балалар мерекесі тойланды
Жамбыл облысының аудандарында балалар мерекесі тойланды
Жамбыл облысында халықаралық балаларды қорғау күні кең көлемде аталып өтті. Облыс орталығынан бастау алған мерекелік шаралар аудандарда жалғасын тапты.
Мерекеге орай Т.Рысқұлов ауданы Жақсылық ауылында 75 орындық бөбекжай бақшасы пайдалануға берілді. Салтанатты шараға аудан әкімі Ернар Есіркепов қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтады.
«Нұр-Ай» атты жаңа балабақша қазіргі заманғы талаптарды сақтай отырып салынған. Білім беру мекемесінде балалардың белсенді қозғалысы мен дамуына барлық жағдай жасалған.
Ал, Қордай ауданында бұл күні 450 орындық кинотеатр іске қосылды. Қордайлық бүлдіршіндер мерекеге орай жаңа кинотеатрда «Чебурашка» фильмін тамашалап, ерекше көңіл-күйге бөленді.
Меркілік бүлдіршіндерге тегін балмұздақ таратылды. Аудан кәсіпкерлері 1000 балаға 1000 балмұздақ үлестірді. Сонымен қатар «ММ» сауда үйінің басшысы Болат Рахымбаев 700 балаға ыстық тамақ, сусын таратып, қуаныш сыйлады. Сауда үйіне келген 250 балаға кинотеатрға көрсетілім жасап, балалар ойын алаңшасында 80 балаға тегін кіру күні ұйымдастырылды.
Дәл осындай игі шаралар басқа аудандарда да аталып өтті