ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев ел алдында есеп берді
ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев ел алдында есеп берді
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізіп, онда вице- министр алғашқы тоқсандағы ел көлемінде және облыста атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Вице министрдің айтуынша, жыл басынан бері республика бойынша тіркелген 3875 төтенше жағдайдың 258-і біздің аймаққа тиесілі. 4 айда елімізде 136 орман өрті болған, келген шығын көлемі 56 миллион теңгені құрайды. Ал жылыту маусымында 3869 өрт оқиғасы орын алыпты. Облыста өртке қарсы қорғауды ТЖМ-ның 20 бөлімшесі қамтамасыз етеді, 15 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. Ел бойынша 68 сейсмостанция жұмыс істейді. Оның төртеуі біздің облыста. Биыл қосымша тағы 5 сейсмостанция орнатылады. Жыл басында Түркия мен Сирияда орын алған жойқын жер сілкінісі біздегі қауіпсіздікті күшейтуге сабақ болды деді вице министр. Бұл ретте халықты жер сілкінісі кезіндегі әрекеттерге оқыту жүргізілуде. Облыста шомылуға рұқсат етілген 12 орын анықталған. 1- маусымнан бастап шомылу маусымы ашылмақ. Спикер бұл ретте қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтауға шақырды. Ведомство басшысы 342 жедел құтқару қызметтері ұйымдастырылып, 69 турист құтқарылғанын атап өтті. Сан саладағы өзге де жұмыстарға жан- жақты тоқталған Ибрахим Күлшімбаев тұрғындар мен БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.