Жаңалықтар

Газет оқырманымен ғұмырлы

Газет оқырманымен ғұмырлы

Қоғамда «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» дегенді жиі айтамыз. Ал газетті дәл осы сипатқа сай ету газет редакциясының әрбір қызметкеріне тікелей байланысты. «Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек» дейді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. Ол бағамдап берген бұл ұстаным аймақтың жылнамашысына айналған ата басылымдардың айнымас темірқазығы бола білді. Бұған дәлел – сарғайған газет парақтары, тәуелсіздік жылдарынан кейін түрлене түскен басылымдардың бүгінгі бет-бейнесі.