Тәртіп сақшылары теңбіл доптан тартысқа түсті
Тәртіп сақшылары теңбіл доптан тартысқа түсті
Атап өтерлігі, бұл жарысқа облыстық ҚАЖ департаментіне бағынысты түзеу мекемелерінің қызметкерлерімен қоса пробация бөлімдерімен сондай-ақ сала ардагерлерінен қүралған бас-аяғы 7 команда қатысты. Ал, сайыс қорытындысына сай №67 мекеменің құрама командасы І орынға, №58 мекеменің намысын қорғаушы құрама ІІ орынға жайғасса, №59 мекеменің жігіттері үздік үштікті түйіндеді. Жалпы, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок, медаль пен қаржылай сыйлық табыс етілді. Бұдан бөлек, №58 мекеме бастығының режим және жедел жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Р.Жаппаров жарыстың «Сұр мергені» атанса, А.Сукенов «Жеңіске деген жігері үшін», М.Сайлау «Үздік қақпашы», Ж.Түзелбек «Үздік қорғаушы» атағына қол жеткізді.