Ауыл шаруашылығы

МАЛ ДӘРІГЕРІ ДЕ МЫҚТЫ МАМАНДЫҚ

МАЛ ДӘРІГЕРІ ДЕ МЫҚТЫ МАМАНДЫҚ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Хвлық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің серік негізі" атты халыққа арнаған Жолдауында Үкіметке ветеринария саласын да жетілдіруді тапсырған болатын...Аталған маңызды құжатта Мемлекет басшысы: «Бұл салада орталық пен өңірлер арасындағы міндеттер мен құзыреттер нақты бөлінуі керек. Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл түптеп келгенде, ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес. Сондықтан осы салада жүйелі жұмыс атқарылуға тиіс.

Атап айтқанда, үдерістерді цифрландыру, мәлімет жинау және оны автоматтандыру, маман даярлау және олардың жалақысын көбейту шаралары. Үкімет жыл соңына дейін ветеринария жүйесін реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауы керек», – деген еді. Біз аталған Жолдау жүктеген міндеттердің Жуалы өңірінде қалай орындалып жатқанын аудандық ветеринария стансасының басшысы Ғабитбек Кебеевтен сұрадық. – Бұрын мал дәрігерлерінде мал иесі заңда көрсетілген малды уақытында сырғаламау, уақытында екпе ектірмеу секілді қандай да бір талапты орындамаса, оған тек жергілікті жердегі ветринариялық инспекция мамандары арқылы шара қолданылатын. Алдағы қыркүйек айынан бастап енді өз міндеттемелерін орындамаған мал иелеріне шара қолдану туралы ұсыныс беру ауылдық округ мал дәрігерлерінің құзыретіне өтетін болды. Ветинспекция шараны солардың ұсынысы негізінде жүзеге асырады. Осы тектес өзгерістер Жолдау жүктеген міндеттердің жүзеге асырылуының бір көрінісі. Ал еңбекақы мәселесіне келетін болсақ, облыс бойынша біздің саладағы қызметкерлердің айлықақысы жаңа жылдан бастап 23 пайызға өсті. Бір айта кетер жайт, мал дәрігерлерінде белгілі бір статус жоқ болғандықтан, яғни не мемлекеттік, не басқалай санатқа жатпағандықтан, олардың жалақысын лайықты деңгейде көтеруге мүкіндік болмай отыр. Бұл мәселе де қазір Ауыл шаруашылығы министрлігінде қаралып жатыр. Жақында ауыл шаруашылығы министрі Ерболат Қарашөкеев облысымызға жасаған жұмыс сапарында ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерімен кездескенде осы тектес шаруалардың жүзеге асу мәселесі сөз болған. Негізінде біздің жұмыстың әліппесі – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруден басталады. Мәселен, біреу сырттан мал сатып алса, оны сырғасымен бірге алуы керек. Былайша айтқанда құжаты болуы қажет. Мал дәрігері оны ауылдық округ есебіндегі мал қатарына енгізгенде оның қашан, қандай ауруға екпе салғаны, қандай індетке қарсы екпе салу қажеттігі секілді мәлімет ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасының тарихында сақталады. Президент Жолдауда айтқан Аталған маңызды құжатта Мемлекет басшысы: «Бұл салада орталық пен өңірлер арасындағы міндеттер мен құзыреттер нақты бөлінуі керек. Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл түптеп келгенде, ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес. Сондықтан осы салада жүйелі жұмыс атқарылуға тиіс. Атап айтқанда, үдерістерді цифрландыру, мәлімет жинау және оны автоматтандыру, маман даярлау және олардың жалақысын көбейту шаралары. Үкімет жыл соңына дейін ветеринария жүйесін реформалау жөнінде нақты шаралар қабылдауы керек», – деген еді. Біз аталған Жолдау жүктеген міндеттердің Жуалы өңірінде қалай орындалып жатқанын аудандық ветеринария стансасының басшысы Ғабитбек Кебеевтен сұрадық. – Бұрын мал дәрігерлерінде мал иесі заңда көрсетілген малды уақытында сырғаламау, уақытында екпе ектірмеу секілді қандай да бір талапты орындамаса, оған тек жергілікті жердегі ветринариялық инспекция мамандары арқылы шара қолданылатын. Алдағы қыркүйек айынан бастап енді өз міндеттемелерін орындамаған мал иелеріне шара қолдану туралы ұсыныс беру ауылдық округ мал дәрігерлерінің құзыретіне өтетін болды. Ветинспекция шараны солардың ұсынысы негізінде жүзеге асырады. Осы тектес өзгерістер Жолдау жүктеген міндеттердің жүзеге асырылуының бір көрінісі. Ал еңбекақы мәселесіне келетін болсақ, облыс бойынша біздің саладағы қызметкерлердің айлықақысы жаңа жылдан бастап 23 пайызға өсті. Бір айта кетер жайт, мал дәрігерлерінде белгілі бір статус жоқ болғандықтан, яғни не мемлекеттік, не басқалай санатқа жатпағандықтан, олардың жалақысын лайықты деңгейде көтеруге мүкіндік болмай отыр. Бұл мәселе де қазір Ауыл шаруашылығы министрлігінде қаралып жатыр. Жақында ауыл шаруашылығы министрі Ерболат Қарашөкеев облысымызға жасаған жұмыс сапарында ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерімен кездескенде осы тектес шаруалардың жүзеге асу мәселесі сөз болған. Негізінде біздің жұмыстың әліппесі – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруден басталады. Мәселен, біреу сырттан мал сатып алса, оны сырғасымен бірге алуы керек. Былайша айтқанда құжаты болуы қажет. Мал дәрігері оны ауылдық округ есебіндегі мал қатарына енгізгенде оның қашан, қандай ауруға екпе салғаны, қандай індетке қарсы екпе салу қажеттігі секілді мәлімет ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасының тарихында сақталады. Президент Жолдауда айтқан «...Үдерістерді цифрландыру, мәлімет жинау және оны автоматтандыру, маман даярлау және олардың жалақысын көбейту шараларының» орындалуы ауданда осындай негізде жүзеге асып жатыр, – деді Ғ.Көбеев. Жалпы, бұл аудандағы ветеринария стансасында 90 қызметкер бар болса, оның ішінде 14 ауылдық округте бір-бірден ветеринариялық пункт меңгерушісі, 10 мал дәрігері, 48 ветеринариялық фельдшер мен 10 санитар жұмыс істейді. Осы орайда біз мал дәрігерлерінің өз ісіне жауапкершілігі қандай екенін бір білсе шаруалар білер деген оймен, бұл жайында Билікөл ауылдық округіне қарасты «Қалдыбай» шаруа қожалығының төрағасы Амангелді Тажиевке хабарластық. Ол мал дәрігерлерінің еңбегі елеулі екенін, оларға алғыстан басқа айтары жоқ екенін жеткізді. – Иелігімде 2 мыңға тарта уақ мал, 300 жылқы, 180 сиыр бар. 16 гектар суармалы жерімді осы төрт түліктің азығы үшін пайдаланып отырмын. Жазатайым жылқының бірі шершеу немесе басқа да қылқұйрықтыға тән дертке тап болса немесе сиыр сары ауру болса бірден ауылдық округ мал дәрігерлеріне хабарласамын немесе барып алып келемін. Малымыздың амандығы біріншіден Алланың, екіншіден мал дәрігерлерінің арқасы. Көктемде, күзде жылына екі мәрте келіп, әртүрлі ауруларға қан сынамасын алады. Екі-үш күн малымызды емдеп немесе екпе егіп, сырғалап беріп кетеді. Біздің ауылдық округтегі мал дәрігерінің барлығы да бірдей. Соның ішінде жасы отыздан енді ғана асқан Асқар Жарылқапов деген жігіт жас та болса өз ісінің нағыз маманы, елгезек жан. Қолынан келген көмегін көрсетуге қай кезде де дайын, – деді Амангелді Бақкөбекұлы. Билікөл ауылдық округінде 1 ветеринариялық пункт меңгерушісі, 1 мал дәрігері, 4 ветеринариялық фельдшер мен 2 санитар бар. Шаруа сөз еткен Асқар Жарылқапов осы ауылдық окрукте ветеринария фельдшері болып жұмыс істейді. Ол ауылдық округ орталығы – Қарабастау ауылында тұрады. Асқар Әріпханұлы аудандағы жас мал дәрігерлердің бірі. Ол 2010 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін «Жол картасы» арқылы Т.Рысқұлов ауданындағы «Құлан ауыл шаруашылығы колледжіне» оқуға түсіп, үш жылдан кейін Жуалы ауданындағы Жетітөбе ауылдық округіне мамандығы бойынша жұмысқа тұрады. 5 жылдан кейін өзінің туған ауылы Қарабастауға ауысып келіпті. Аталған ауылдық округ құрамында Қарабастаудан бөлек, Дарбаза, Жылыбұлақ, Абдыкадыр секілді үш елді мекен бар. Осы елді мекендерде 12 шаруа қожалық бар болса, жалпы ауылдық округ бойынша шамамен 35-40 мыңға жуық уақ мал, 2 мың сиыр, 180-нен астам жылқы бар екен. Асқар осы түліктердің амандығы үшін жылдың кез келген мезгілінде тыным таппайтындарын айтады. – Қазір мүйізді ірі қарадан сарып ауруына (бруцеллез) қарсы қан сынамасы алынып, осы ауруға және тейлериоз, аусыл, қарасан, сібір жарасының алдын алу үшін екпе егіп жатырмыз. Сиырға тән індеттің ішінде қазір сарыбезгек ауруы өршіп тұр. Аталған індет кең етек жаймас үшін жедел ветеринарлық тексеру, алдын алу шаралары жүргізіліп жатыр. Осы айдың алдында қора-жайларды кенеден арылту, залалсыздандыру жұмыстарын аяқтадық. Жылдың төрт мезгілінде де тыным жоқ. Құм қойнауында, көктеуде, жайлауда отырған шопандар ауылына барып, одан бөлек ауылда отырған тұрғындардың қора-жайын үйме-үй аралап, қолындағы 5-10 тұяғына дейін емдеу, екпе салу, белгілі бір ауруға қарсы сынама алу, сырғалау жұмыстарын атқарып жатырмыз. Тейлериоз, сарып, аусыл, қарасан, сібір жарасы, лептоспироз, құтырма, сальмонеллез секілді ауруларға қарсы екпе мемлекет тарапынан тегін жүргізілсе, сиырға, уақ малға сырға мемлекет тарапынан беріледі. Қотыр, сүйел секілді жеңіл-желпі ауруларға қарсы дәрі-дәрмек пен екпені, жылқыға салынатын чипті, бір мәрте мемлекет тарапынан берілген сырға түсіп қалып, басқасын алуға тура келсе, осыларды мал иесі өзі сатып алады. Мал емдегенде шопандар мал дәрігеріне мал тартып беретін адамдарды өзі дайындайды. Әйтсе де күнұзаққа мал емдеу оңай емес, кейде белің талып түседі. Әсіресе жалын сипатпайтын асау жылқы, сүзеген сиырды емдеудің машақаты да қаупі де жоғары. Жарақат алып қалмауды, сарып секілді малдан адамға жұғатын ауруларды жұқтырмас үшін біздің жұмыс өте сақ болуды, мұқияттылық пен ұқыптылықты, тазалықты талап етеді. Егер алда-жалда сарып ауруын жұқтырар болсаң, оның аурытпашылығын өзің көтересің. Мемлекеттен көмек болмайды. Осындай қиыны мен қызығы көп мамандығымды мен сүйіп таңдағанмын. Себебі бұл мамандық мен үшін қастерлі. Негізінде мал дәрігері мамандығын таңдап, кейіннен жалақысы аз болғандықтан, басқа салаға бетбұрған не оқу бітірген соң сауда, жеке кәсіпке кетіп қалған бірқатар таныстарды білемін. Олар жалақы аз болған соң осындай қадамға барып отыр. Бізде еңбекақы жұмысшының еңбек өтіліне қарай төленеді. Ветеринариялық фельдшер ретінде қолыма 100 мың теңге алып жүрмін. Мемлекет басшысы 2021 жылы Жолдауда айтқанындай біз лайықты еңбекақы алсақ нұр үстіне нұр болар еді, – дейді Асқар Әріпханұлы. Мал дәрігері де мықты мамандық. Бұлай деуімізге нақ осы мамандықтың сұранысқа қай кезде де ие екені себеп болып отыр. Қазір ауыл-аймақты айтпағанда, қалалық жердің өзінде ит-мысығын құшақтап, ветеринар қызметкерінің көмегіне жүгінетіндердің көп екенін байқаймыз. Сондықтан жастар айлығы аз деп мал дәрігері болудан қашпаса, асыраушы сала аман тұрғанда бұл мамандық иесінің де «шырт түкіріп», маңғазданатын күні алда деп білеміз. Нұрым СЫРҒАБАЕВ