Құқық бұзушылық-қоғам өзектісі
Құқық бұзушылық-қоғам өзектісі
Құқық бұзушылық қазіргі таңда кең таралған заң бұзушылық болып табылады. Қоғамда қаншама адам өмір сүреді. Заң бұзушылықтың өзектігілі күмәнсіз. Күннен күнге тәртіп бұзушылық артып келе жатқаны. жасырын емес Әсіресе, жасөспірімдер арасында бұл құқық бұзушылыққа не жатады? Мысалы, біреудің мүлкіне зиян тигізу, адам өміріне қауіп төңдіру, жол ережесін бұзу және тағы. басқа. Тіпті жұмысқа кешігудің өзі сол жұмыс орынының бекітілген тәртібін сақтамау болып саналады. Көбінесе осындай құқық бұзушылық жасөспірімдер мен жастар арасында қатты байқалады.
Интернет арқылы алдап жатқандар, алданып жатқандар қаншама. Қазіргі таңда ел арасында ғаламтор арқылы заңсыз табыс тауып жатқандар қаншама. Сол заңсыздықтарға шағым жасап жатқандардың биыл саны артты. Осы жылдың қаңтар айында елімізде «Алаяқтық» бабы бойынша 3,6 мың құқық бұзушылық тіркелген. Бұл дегеніміз, өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 43,8 пайызға көп. Өткен жылы осындай құқық бұзушылықтың 2000-нан аса түрлері орын алған. Еліміздің түкпір-түкпірінде интернет-алаяқтықпен айналысқанкөптеген топтар ұсталып жатыр.
Биылғы жылдың наурыз айында көлікті рұқсатсыз, заңсыз айдап әкету әрекеті бойынша құқық бұзушылық тіркелген.Тәртіп сақшылары бұл істі зерттеу барысында кәмелеттік жасқа жетпеген жасөспірімді ұстаған.
Тек бұл ғана емес,өкінішке орай, ата-анасының рұқсатымен немесе олардың рұқсатынсыз жасөспірім балалар, мектеп оқушылары қала ішінде көлік айдап жүргендер көбейді. Осындай қараусыздықтың кесірінен көлік апаттары, жаяу жүргіншіні қағып кеткен жайттарда болып жатыр. Сол себепті, ата-аналар балаларын қазірден қоғамдағы жауапкершілікті сезінуге, тәртіп бұзушылықтың алдын алуға тәрбиелеу қажет.
Жастар қазіргі кезден бастап жауапкершілікті сезініп,қоғамға зиян емес,жақсы жағынан үлес қосып, өздері мекендеп, білім алып жатқан жеріне, еліне адал қызмет етіп, мемлекетіміздің көркеюіне үлес қосу керек.
Адамдар бір-біріне қамқор болып, көмектесіп, кез-келген құқық, заң, тәртіп бұзушылықтың бірге алдын алып, әрқайсысы осы қоғамның алдында жауапты екенін ұғынса, нұр үстіне нұр болатын еді.
Алтынбалта Айгерим Алтынбалтакызы- педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы «Әлем тілдері» кафедрасы