Алыптарға арнау
Алыптарға арнау
Қалам алдым, өлең жазу ойымда, Бір жалын бар көрінбеген бойымда. Шабытым кеп, жыр жазуға ұмтылдым, Ұлы тұлға Абай атам жайында. Жұлдыздай боп, жарқырап мен жана алсам, Абай сөзі жүрегіме жағар шам. Ал мен үшін арман болмас дүниенің, Кетігіне кірпіш болып қалансам! Абайым бар жер-жаһанға мақталған, Қара сөзі ой-санамда сақталған. Өз ұлтымның салт-санасын ұлықтап, Ұран қылып Абай деген атты алам!!! Абай – хакім, құдіретті бұл ұғым, Қазақ биік қойған Абай тұғырын. Маңдайына біткен бағы елімнің, Шамшырағы екендігін біл, ұғын. Өлеңдері ой-санамда жатталған, Қара сөзі, қасиетпен сақталған. Ақыл кілтін болмысымен танытып, Құндылығы құнарымен саф болған. Өлеңінде жатыр терең ойлары, Ізденіспен ғылымға да ол бойлады. Қазақ елін рухани ой, кеселден, Арашалап ары ұстауды ойлады. Абай әні жүрек қылын тербейді, Поэмасы өтірікке сенбейді. Әрбір жазған терең ойлы сөздері, «Рухани мүгедекті» емдейді. Мұқағали деп жырлайды дала Мұқағали деп жырлайды дала, Мұқаңның жырын тыңдайды қала. Мұндай ақындар біздерге мақтан, Мың жыл өтсе де тумайды, дара. Ақынның мұңын сезіндім бүгін, Шертеді толғап сезімнің қылын. Мұқағалидың мұңы да бақыт, Мұқаңның мұңы – өзімнің мұңым. Ақынның аппақ тілегі қандай, Жазады терең үнемі талмай. Отан дегені сезімнің үні, Отанды сүйген жүрегі қандай. Жазғаны – самал қыр бөктері еді, Даланың дара суреттері еді. Мұхаң дегенде шалғынның иісі, Көз алдымызға сурет келеді. Ақын да болмас алданыш деген, Өлеңі – өрттей, ар-намыс – терең. Қара шалғысы сыртылдағанда, Қарайсың тегі таңданыспенен. Жырына көңіл көншіген еді, Тау, тастар толқып, көл шіренеді. Қазақтың рухын әлемге жаяр, Мұқағалидың өршіл өлеңі!
Қанат НҰРҚАНАТ, Тараз қаласындағы «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы