Жаңалықтар

Life is good, Hermes қаржы пирамидаларын ұйымдастырған әйел ұсталды

Life is good, Hermes қаржы пирамидаларын ұйымдастырған әйел ұсталды

Батыс Қазақстан облысында Life is good, Hermes қаржы пирамидаларын ұйымдастырған күдікті ұсталды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Аталған қаржы пирамидалары қарапайым қазақстандықтардан (жеке тұлғалар) 24%-дан 54%-ға дейін пайда табасыз деп ақша жинаған. Істі агенттіктің БҚО бойынша департаменті тергеп жатыр.

Сіз және жақындарыңыз қаржы пирамидасынан зардап шексе, ҚМА саll-орталығына хабарласа аласыз. Кеше агенттік қаржы пирамидаларының тізімін жариялаған еді.