Жаңалықтар

Жеке тұлғаның соттан тыс банкроттығы қалай рәсімделеді?

Жеке тұлғаның соттан тыс банкроттығы қалай рәсімделеді?

Қаржылық сауаттың жоқтығы, жинақталған түрлі несиелер, күнкөрістің төмендігі кейбір отбасылардың қарызға белшесінен батуына себепші болғаны рас. Қоғамдағы өзекті мәселенің шешімін табу мақсатында өткен жылы Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңға қол қойды. Аталған заң осы жылдың 3 наурызынан бастап күшіне енді. Осы орайда соттан тыс банкроттыққа қалай өтініш беруге болатынын түсіндіруді жөн көріп отырмыз.

Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану қызметін онлайн алу үшін алдымен порталда авторизациядан өтіп, «Онлайн сұратым» батырмасын басу қажет. Ары қарай осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес өтінішті толтырып, оған ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелген болу керек) қол қою керек. 1-қадам. Өтініш беру үшін ҚР азаматтарына «id.mkb.kz» сайтынан мерзімі өткен күндердің ең аз санын көрсете отырып, ағымдағы міндеттемелердің сомасын қамтитын дербес есеп (ҚР азаматтарының банкроттығы). Бұл есеп тегін, электрондық құрылғылардан, соның ішінде мобильді құрылғылардан қолжетімді. 2-қадам. Жеке немесе ортақ меншікте мүліктің бар екенін білу үшін анықтамаға тапсырыс беру қажет. 3-қадам. Кредитормен (екінші деңгейлі банк немесе микроқаржы ұйымы) қарызды өтеу туралы құжатты қоса беру қажет. 4-қадам. Телефон нөмірі мен жұбайыңыздың мобильді азаматтар базасында тіркелгеніне көз жеткізіңіз. 5-қадам. Соттан тыс банкроттық процедураны қолдану туралы өтінішті «eGov.kz» немесе «e-Salyq Azama»t мобильді қосымшасы арқылы немесе жақын жердегі ХҚКО бөлімшесі арқылы қағаз жүзінде жіберіңіз. 6-қадам. Соттан тыс банкроттық процедураны қолдану туралы өтінішті толтыру кезінде 1414 қызметінен SMS-хабарлама арқылы дербес деректерді жинауға және өңдеуге жұбайының келісімін алу, жұбайы бас тартқан жағдайда өтінім жіберуге жатпайды. 7-қадам. Борышкердің өтінішін қарау нәтижесін «Жеке кабинетте» 15 жұмыс күні ішінде алу. Бұл қызметті мемлекеттік органда немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы алуға да болады.

Қанатжан АМАНҚҰЛОВ, Сарысу аудандық халыққа қызмет көрсету бөлімінің басшысы