Жаңалықтар

ЖЕМҚОРЛЫҚ ПЕН НАШАҚОРЛЫҚ – ҒАСЫР ДЕРТІ

ЖЕМҚОРЛЫҚ ПЕН НАШАҚОРЛЫҚ – ҒАСЫР ДЕРТІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетің Жастар ісі жөніндегі комитеті мен «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің бірлесе ұйымдастыруымен есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүргізу және жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Жемқорлық пен нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында TED-x форматында конференция өтті.

Конференцияға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің бас маманы Айбек Ажибаев, «Jastar Ruhy» жастар қанаты облыстық филиалының атқарушы хатшысы Уәлихан Болатбек, облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдар басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі Қанат Белгібаев қатысты. Іс-шара барысында департаменттің бас маманы Айбек Ажибаев жемқорлық фактілерін болдырмау шаралары жайында баяндады. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдар басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткінің адам өміріне орасан зор залал келтіретіндігі туралы кеңінен түсініктеме берді. Уәлихан Болатбек жастарға арналған кәсіпкерлік бағдарламасының алғышарттарының маңыздылығына тоқталды.