Руханият

«ASPARA FASHION WEЕК» апталығы Таразда тоғызыншы мәрте өтіп жатыр

«ASPARA FASHION WEЕК» апталығы Таразда тоғызыншы мәрте өтіп жатыр

Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ежелгі сауда қалаларының қатарында көне Тараз қаласының ойып тұрып орын алатынына тарих куә. Көне шаһарлар көптеген жойқын соғыстарды, қиратуларды, аласапыран сәттерді басынан өткерсе де өздерінің айшықты өрнектерімен ерекшеленді. Солардың бірі – киім және сән үлгілері.

Бүгінгі таңда сән үлгісі дамудың жоғары сатыларына бет түзеп, әлемдік деңгейдегі бәсекелестіктерге жол ашты. Салада түрлі жобалар жүзеге асуда. Солардың бірегейі – әлемдік деңгейдегі киім дизайнерлерінің бірі Айдархан Қалиевтың идеясымен жүзеге асқан «ASPARA FASHION WEЕК» халықаралық сән апталығы. Дизайнердің көл-көсір еңбегінің арқасында Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 2017 жылдары алғаш рет бұл байқау еуропалық және Орталық Азияның дарынды жас дизайнерлерінің басын қосты. Биылғы 4-8 мамыр аралығында «ASPARA FASHION WEЕК» хал ықарал ық сән аптал ығы Тараздағы «Көне Тараз» этномәдени кешенінде ІХ мәрте өткізілуде. Бұл байқаудың деңгейі уақыт өткен сайын артып келеді. Мәселен, байқаудың 8-ші маусымында 30-дан астам сарапшылар қатысып, 30 ел мен 5 континенттен 97 дизайнердің топтамалары көрсетілген. Ал аталған «ASPARA FASHION WEЕК» байқауының осы жолғы жоспары тіпті ауқымды. Бұл халықаралық іс-шараға Голландия, Қытай, Түркия, Ресей, Кувейт, Германия, Франция, Ұлыбритания, Швеция, Венгрия, Монғолия, Татарстан, Өзбекстан, Қырғыз және өзге де мемлекеттерден үздік сән дизайнерлері жиналып,озық еңбектерін ортаға салады. Әлемдік деңгейде мойындалған үздік мамандардың баяндамалары талқыланады. Еліміздің 20 колледжінен 45 жас дизайнер «Неофольклор» стиліндегі ұлттық сән дизайны бойынша бәсекеге түсетіні де ерекше жаңалық. Бұл жоба «Қазақтың ұлттық киімі және әлемдік көзқарас» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциямен басталды. Маңызы жоғары жиынды «ASPARA FASHION WEЕК» президенті, «Асыл – Дизайн» сән үйінің бас дизайнері және «Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжінің құрылтайшысы Айдархан Қалиев ашып, халықаралық сән апталығының маңызы мен мәніне тоқталды. Ол әлемдік көзқарас бәсекесіндегі еліміздің ұлттық киім үлгісі мен сән әлеміндегі жетістіктері жайлы баяндады.  width= Конференция барысында Нұр-Сұлтан қалалық ұзақ өмір сүру мәселелері орталығы Есіл ауданы бойынша мәдени іс-шаралар ұйымдастырушысы Ләззат Өтеқұлова осы халықаралық сән апталығын өткізуді қолдағаны үшін облыс әкімі Нұржан Нұржігітовке алғысын білдірді. Ол жастары 63 пен 84 жас аралығындағы әжелердің де осында келіп, шетелдің дизайнерлері тіккен озық сән үлгілерін көпшіліктің алдына киіп шығатынын айтты. Келесі кезекте германиялық сән дизайнері Тамара Штрошерер, голландиялық майталман маман Айдин Аичик, Қырғыз дизайнерлер одағының менеджері Нүрила Барак ова, өзбекстандық даңқты дизайнер Лола Сайфи сөз алып, әлемдік сән үлгісінің бағыттары жөнінде озық ойларын ортаға салды. Өз сөзінде Л.Сайфи сән апталығы аясында еліміздің 20 колледжінен 45 жас дизайнер «Нео-фольклор» стиліндегі ұлттық сән дизайны бойынша бәсекеге түсетінін, олардың таңдаулылары Голландияда, Италияда өтетін бәсі жоғары сән апталықтарына жолдама алатынын атап өтті. Сән аптал ығы барысында германиялық маман Тамара Штрошерердің, ресейлік Раф С ард аровтың, Татарстанның озық дизайнері Сұлтан Салиевтің шеберлік сағаты өтеді. Сонымен қатар голландиялық Сенсемилия Литисия Самтердің, өзбекстандық Лола Сайфидің, Қырғыз елінен келген Татьяна Воротникованың, павлодарлық Татьяна Крупаның да шеберлік сағаттары жас дизайнерлерге шабыт беретіні анық. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «ASPARA FASHION WEEК» халықаралық сән апталығының алғашқы күнгі көрсетіліміне арнайы барды. Өңір басшысы әуелі қолөнер шеберлерінің дайындаған көрмесін асықпай тамашалады. Мәселен, Бекзат Үсенқызы әзірлеген ұлттық нақыштағы шапандар мен тақияларға назар аударса, байзақтық жеке кәсіпкер Жансая Жантелінің құс жастық, оюлы көрпелеріне де жақсы баға берді. Әкім қолөнер шеберімен «Үкіметтен көмек алдыңыз ба?» деп сұрады. «Мен төрт перзенттің анасымын. Үкіметтен ешқандай көмек, несие алған жоқпыз. Жолдасымның қолдауымен іс бастадым. Үш жылдан асты. Бұйымдарымызға жақсы сұраныс бар. Бір күнде тыным көрген емеспін. Үш көрпе, үш жастық жиынтығын 110 мың теңгеге өткереміз. Үйде отырып-ақ, осылай кәсібімді жүргізіп жатқаныма қуанамын», – деді Жансая Жұманәліқызы. Облыс әкімі ойын жасындағы балаларға арнап бұйымдар жасаған Дәмегүл Байғазиеваның да, түрлі бейнелер жасаған мүмкіндігі шектеулі Рабиға Құндызбаеваның да жұмысын жоғары бағалады. Мұнда алматылық кәсіпкерлер Рима Данабайқызы мен Айгүл Жылқыбаева шөптен жасалған емдік дәрілер сатып тұр екен. «Осы дәрілердің 40 пайызы Жамбыл облысы аумағында өсетін шөптерден жасалған. Сондықтан өңірден дәрі жасайтын зауыт ашсаңыздар болады» деген ұсынысын да айтты Рима Данабайқызы. Ал «Би-Дәулет» ЖШС директоры Туғанай Жолақова облыс әкіміне шағын киіз үйді және жаңа үлгіде жасалған басқұр, алашаларын көрсетті. «Қамқор жүрек» қорының менеджері Ақмарал Мамытова қамқорлыққа зәру топтағы 115 балаға қолөнер ісін тегін үйретіп жатқанын айтып өтті. Облыс әкімі қолөнершілерге әрдайым қолдау болуы керектігін айтып, көрмеге жұмыла атсалысқандары үшін алғыс айтты. Осылайша өңір басшысы «ASPARA FASHION WEEК» халықаралық сән апталығының ал ғаш қы күнгі көрсетіл імін тамашалады. Нұржан Нұржігітов әлемнің бірнеше елінен жиналған ұйымдастырушылар мен киім үлгісінің дизайнер мамандары алдында сөз сөйледі. – Ұлттық киімнің жаңа үлгілерін даярлау барысында әлем елдерімен бір идея, бір мақсат жолында жұмылып отырмыз. Ұлттық киімдерімізді дәріптеп, жаһандану дәуіріне дүниежүзілік бәсекеге дайын болу аса маңызды. Біз осылай жаңаша бағытта дамып, үлгі көрсете аламыз. Әлемнің көптеген елінен келген майталман мамандармен тәжірибе алмасу – еліміздің ұлттық киім шеберлері үшін жоғары жетістік болатыны анық. Сән апталығына келген шеберлерге сәттілік тілеймін. Жұмыстарыңыз табысты болсын, – деді. Мұнан соң Өзбекстан, Ресей, Қырғыз және еліміздегі танымал сән дизайнерлері көпшілікке түрлі сән үлгісіндегі үздік топтамаларын ұсынды. Халықаралық сән апталығы Тараз жерінде бірнеше күнге жалғасады.

Есет ДОСАЛЫ