«Естен кетпес асыл бейне»
«Естен кетпес асыл бейне»
Іс-шараға жазушының жары, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрынының реквизиторы Жалғат Айтуева, қызы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасының аға оқытушысы Үмбетәлі Алуа Болатқызы, замандас достары, кезіндегі әріптестері - Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы, «Құрмет» орденінің иегері, «Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, сазгер Дүйсенәлі Бықыбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, актер, композитор Әбиірбек Тінәлиев, және шәкірттері - Қазақстан Жазушылар Одағы Жамбыл облысы филиалының төрағасы, облыстық «AQ JOL» газетінің бас редакторы, ақын, журналист Хамит Есаман, А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облстық қазақ драма театрының директоры, ҚР мәдениет саласының үздігі, актер, сазгер Мәлік Ақүрпеков, ақын, облыстық «AQ JOL» газетінің тілшісі Нұржан Қадірәлі қатысып, кейіпкердің шығарма болмысын талғаммен танитын, табиғат дарытқан білім мен сергектік, сезімталдыққа сүйеніп, әдеби сеніміне серкеу түсірмеген жазушының кісілік келбеті мен шығармаларына тоқталды. Сонымен қатар, әнші, актер, композитор Әбиірбек Тінәлиев өзінің Болат Бекжановтың сөзіне жазылған әндерін орындаса, кітапхана қызметкерлері ақын жырларын оқыды.