«Өмірін өнегемен өрнектеген»
«Өмірін өнегемен өрнектеген»
Кеш шымылдығын кітапхана директоры ҚР Мәденит саласының үздігі, қалалық мәслихат депутаты Эльмира Елеусізқызы ашып, ыстық лебізді құттықтау сөз сөйлеп,құрметті қонаққа гүл шоқтарын тарту етті. Сондай-ақ бенефис кешіне арнайы шақырылған зиялы қауым өкілдері мен өнер жолында қатар жүрген әріптестері бенефис кештің басты кейіпкері Айгүл Қабиқызының еңбек жолы, шығармашылығы мен ұстаздығы, сонымен қатар тағылымды ғұмыры жайында сыр шертті. Әсерлі әңгіме мен жылы естелік, тағлымды ойлар айтылған бенефис кеш барысында кітапхана қызметкерлері мен өнерімен болашаққа қанат қаққан шәкірттері ән мен күйден тарту тартып кеш қонақтары мен кітапхана оқырмандарына жақсы леп сыйлады. Сәні мен салтанаты жарасқан кеш соңында ұйымдастырушыларға, еңбек жолында қатар жүрген замандастарына, ізін басқан жастарға, кітапсүйер оқырманға зор алғысын жеткізді.