Құжат қабылдау жалғасуда
Құжат қабылдау жалғасуда
Іс-шараны филиал директоры Рауан Садырқұлов алғысөзбен ашып, мемлекеттік қызметшілерді оқытуға қатысты заннамалық актілерге енгізілген бірқатар өзгерістермен таныстырды. Сонымен бірге академияға құжаттарды қабылдау 29 маусымға дейін «admission.apa.kz» порталында жүргізілетінін атап өтті. Филиалдың Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және ілгерілету кабинетінің жетекші сарапшысы Малик Асанов академиядағы магистратура және докторантураның білім беру бағдарламаларын, оқуға қабылдаудың мүмкіндіктері мен шарттарын түсіндірді. «Ашық есік» күніне Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері: облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы Лесбек Илебаев қатысып алған білімдері мен дағдылары жайлы пікірлерімен бөлісті. Жиын сұрақ-жауап түрінде еркін форматта өтті. Кездесу барысында жиын қатысушыларына Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және ілгерілету кабинетінің доценті Арсений Бапанов «Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылтудағы бизнес-процестерді оңтайландырудың рөлі» тақырыбында дәріс оқыды.