Руханият

Жаңа кезеңге қадам бастық

Жаңа кезеңге қадам бастық

Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткізген болатын. Саяси реформаның түпкі мақсаты – елде саяси бәсекелестік ортаны қалыптастыру. Енді біздің алдымызда Президентіміздің «Біз өзіміздің басты игілігіміз – тәуелсіздігімізді сақтауға, ұлттық бірегейлік негіздерін бекемдеуге, елімізді трансформациялауға жұмылуға тиіспіз» деген ұстанымы аясына қазір топтасып, ел бірлігін нығайту міндеті тұр.

Жақында болып өткен саяси науқан – Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы да конституциялық реформаға сәйкес саяси жүйені жаңғыртудың бір кезеңіне айналды. Сайлау саяси жүйені біртіндеп қайта форматтауға ерекше ықпал етті. Жаңадан сайланған Парламент депутаттарының ой-пікірі халықтың қамы және елдің мүддесі болу керек деп қатаң міндеттелген уақытта бұл реформаның маңызы – әділетті Қазақстан құруда ел азаматтарын жалпыға ортақ міндетке жұмылдыратын стратегиялық мақсат. Саяси өзгерістер қоғамның белсенді қатысуынсыз жүзеге аспайды. Міне, бұл конституциялық реформа ел тарихында жаңа дәуір басталғанын айқындады. Осындай күрделі геосаяси жағдайда бізге, ең алдымен, мызғымас бірлік қажет. Осы орайда, Ассамблея да жаңа даму мен қалыптасудың прогрессивті кезеңінде ұлт бірлігін сақтай отырып. мемлекеттің кез келген игі міндеттерін жүзеге асырып келеді. Қысқа қайырып айтатын болсам, жұмыстың жаңа тиімді әдістері әзірленіп, ақпараттық қызмет күшейтілді. ҚХА және «Қоғамдық келісім» КММ қамқорлығымен барлық құрылымдар айқын жоспармен өз міндеттерін жүзеге асыруда. Мәселен, облыстық, аудандық, ауылдық деңгейлерде Аналар, Ақсақалдар кеңестері түрлі жобалармен жаңа реформа бағытында қарқынды еңбек етуде. Медиация кеңестері әртүрлі салалардағы жанжалды жағдайлардың алдын алу бағытындағы қызметтерді қолға алды. Қазіргі кезеңде ҚХА бұқаралық ақпарат құралдарында және ашық алаңдарда белсенді сөйлеуге, пікірталастар өткізуге қатысып, ҮЕҰ және басқа да азаматтық қоғам институттарымен тығыз араласып жүр. Сонымен қатар өңірлік ассамблея этномәдени нысандардың күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз етіп отыр. Қоғамдық-экономикалық қатынастарды қайта құру жолында да жергілікті ассамблеяның қосып жатқан үлесі аз емес. Жұртшылық реформада айтылған білім сапасын арттыру, мемлекеттік тілді ілгерілету, кәсіпкерлік, сауда, экономиканы дамыту, инфрақұрылымды дұрыс жолға қою, жастардың тәрбиесі мен құқықтарына зор көңіл бөлу, тағы сол сияқты халықтың қамын қарастырған көптеген түйткілді мәселелердің шешілуіне үміт артып отыр. Сондықтан біз нақты іс-шараларға тек бірлік пен ынтымақтың арқасында ғана жететінімізге аса мән беруге тиіспіз. Осы бағытта өңірлік ассамблея да мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға бар күшін салуда. Түбегейлі өзгерістер еліміздің жаңа дәуірге қадам басуына жол ашты. Қоғамдық белсенділіктің жаңа алаңы құрылды. Сондықтан да саяси реформа елдігімізді жаңғырту үлгісіне айналды деп батыл айта аламыз. Ең бастысы, алға қойған мұрат-мақсаттарға қол жеткізуге бізде қажетті саяси ерік-жігер молынан табылады. Енді тек халықтың жағдайын жақсартатын нақты нәтижелер керек.

Мүбәрак Жинақбаева, облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы