Жаңалықтар

АНТИКОР АУЫЛ ӘКІМДЕРІНЕ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

АНТИКОР АУЫЛ ӘКІМДЕРІНЕ ЕСКЕРТУ ЖАСАДЫ

Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібектің төрағалығымен «Ауыл Аманаты» бағдарламасына енгізілген ауылдық округтердің әкімдері мен жаңадан құрылған кооператив төрағаларына арналған семинар-кеңес өтті.

Аталған жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Дәурен Омаров, «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басшысы Дәулет Әбілқайыров, АгроТехҚызметінің басшысы Берікбол Мәндібаев, «Агро Green» компаниясының (гидропоника) маркетологі Бекзат Тұмақбаев, «ҚазИоти» трактор құрастыру зауытының директоры Әділбек Құлыбаев қатысты. Өз кезегінде, Антикор өкілі Дәурен Омаров тарапынан аталған бағдарлама аясында қаржы бөлу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу, қарамағындағы қызметкерлердің құжаттарды дайындау кезінде іс-әрекеттерінде жемқорлық фактілері орын алған немесе кәсіпкерлікке әкімшілік кедергілер келтірген жағдайда тиісті заңнама аясында жауапкершілігі қаралатындығы туралы ауыл әкімдері қатаң ескертілді. Сонымен қатар, ветеринария саласындағы мамандарына ветеринариялық іс-шараларды жүргізу, оның ішінде малды тіркеуге қою мәселесіне аса мән беру туралы талаптар қойылды. Сондай-ақ, Қанатбек Қайшыбекұлы ауыл әкімдеріне «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруда дербес жауапкершіліктерді ескертіп, әр ауылдық округте сүт, ет және көкөніс өнімдерін өндіруді тапсырды. Кеңес барысында басқарма басшысы Нұрби Жігітеков бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады. - 2023 жылы 24 млрд. теңгеге 10 ауданнан 26 ауылдық округ қаржыландыруға ұсынылып отыр. Бұл округтерде жалпы 72 897 адам тұрады және аула саны – 13 276. Бүгінгі күні 266 өтінім келіп түссе, 26 округтің барлығында кооперативтер құрылып, тіркеуден өтті. Енді «1 ауыл – 1 өнім» жобасы бойынша әрбір ауылдық округ не болмаса бір қатар округтермен бірлесе отырып жоғары қосымша құны бар өнім өндіру қажет. Ол үшін округте қайта өңдеу цехі қажет не болмаса округтер маңайында орналасқан ірі кәсіпорынның айналасына бірігіу тиіс – деп атап өтті басқарма басшысы.