Жаңалықтар

ТМД-да интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан көш бастап тұр

ТМД-да интернет жылдамдығы бойынша Қазақстан көш бастап тұр

Интернет жылдамдығы бойынша рейтингте Қазақстан 11 сатыға жоғары көтеріліп, 72-орынға тұрақтады, деп хабарлады Arainfo тілшісі Finprom-ға сілтеме жасап.

Қазақстан қазір ол жағынан ЕАЭО және Орталық Азия елдері арасында көш бастап тұр. Рейтинг қорытындысы бойынша, Армения – 80-орында, Қырғызстан – 83-орында, Өзбекстан – 104-орында, Беларусь – 126-орында, Тәжікстан –129-орында.

Арменияда жылдамдық секундына 26,25 мегабитті, Қырғызстанда секундына 25,83 мегабитті, Өзбекстан мен Тәжікстанда секундына 20,9 және 11,38 мегабитті құрайды.