«Қазақстан халқына» қоры ауылдың 20 мың оқушысын жазғы лагерьге жібереді
«Қазақстан халқына» қоры ауылдың 20 мың оқушысын жазғы лагерьге жібереді
Қордың басқарма төрағасы Болат Жәмішевтің айтуынша, ұйымның қамқоршылық кеңесі күні кеше осындай шешім қабылдаған. «20 мың ауыл оқушысын жазғы демалыс кезінде лагерьге жіберу жобасын мақұлдады. Бұл жобаны өте маңызды деп есептейміз. Біз жергілікті бюджеттік бағдарламаның онын алмастырмаймыз. Тек ауылда оқитын оқушылардың демалысын ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттердің шығыстарын толықтырамыз. Себебі лагерлерде демалыстардан бөлек, түрлі бағдарламаларды қамтиды», – деді ол «Білімді ұрпақ – білімді ел» атты конференцияда. Сондай-ақ еліміздегі ерекше қажеттілігі бар балалардың жазғы лагерьге баруын ұйымдастыру мәселесіне тоқталды.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың бұл жобаға лагерьлермен бірге өңірлердегі жақсы демалыс орындарын тарту көзделіп отырғанын айтты. «Негізгі мақсаты балаларды, оның ішінде ерекше білімге қажеттілігі бар балаларды қамту. Бұдан бөлек Пезидент балалар үшін демалыс орындарын бүкіл өңірлерде салу туралы тапсырма берді. Келесі жылы іске асыру басталады. Біз жыл сайын, тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейтін 15 лагерьді, сондай-ақ 35 жазғы маусымдық лагерлерді ұйымдастыру жоспарланып отыр. Қазір бұл жұмыстар пысықталып жатыр», - деді министр. «Қазақстан халқына» қоры жолдаманың неліктен тек ауыл балаларына берілетінін түсіндірді. «Жалпы 20 мың бала деген, тек ерекше балалар ғана емес. Ауылдың мектептерінде оқып жатқан балаларды айтып отырмыз. Неге тек ауылдың балалары дегенге келсек, қаладағы балалар үшін мектептегі лагерьлер мен үйірмелер көп. Ауылдағы балалар да көрсін, олар үшін жаңа орта қалыптастыруды көздедік. Осал топ немесе қарапайым отбасының баласы деп бөлмейміз, біз үшін баланың бәрі бірдей. Сол үшін жақсы оқыған, кішкентай болса да батыр балалар бар, 5,6,7,8 сыныптың балалары үшін деп отырмыз. Бұл жерде мектеп пен оның қамқоршылық кеңесі Білім басқармасы бірлесіп өз тізімдерін жасап жатыр. Өйткені қай ауылда қандай бала оқып жатқанын біз білмейміз», – деді «Қазақстан халқына» қорының басқарма мүшесі Ләззат Шыңғысбаева. Сондай-ақ ол лагерлердің қандай талаптармен іріктелетінін атап өтті. Бүгінде елдегі мемлекеттік лагерьлердің барлығы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларын қамтамасыз етіп отыр. Бюджеттік мекемелерде бос орын жоқ.