Ауыл әкімдеріне «АУЫЛ АМАНАТЫ» жобасының шарттары түсіндірілді
Ауыл әкімдеріне «АУЫЛ АМАНАТЫ» жобасының шарттары түсіндірілді
Кеңес барысында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрби Жігітеков бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.
Өз кезегінде Қанатбек Мәдібек ауыл әкімдеріне «Ауыл аманаты» жобасын іске асыруда дербес жауапкершіліктерді ескертіп, әр ауылдық округте сүт, ет және көкөніс өнімдерін өндіруді тапсырды. Сондай-ақ, кеңес барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Дәурен Омаров, «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басшысы Дәулет Әбілқайыров, АгроТехҚызметінің басшысы Берікбол Мәндібаев, «Агро Green» компаниясының (гидропоника) маркетологі Бекзат Тұмақбаев, «ҚазИоти» трактор құрастыру зауытының директоры Әділбек Құлыбаев бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстар жайлы ақпараттармен бөлісіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берді.