Мемлекеттік қызметке қабылданар алдында тапсыратын тест сұрақтары қысқарады
Мемлекеттік қызметке қабылданар алдында тапсыратын тест сұрақтары қысқарады
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев алдағы уақытта мемлекеттік қызмет саласында қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін мәлім етті, деп хабарлайды Arainfo тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.«Кандидат мемлекеттік қызметке орналасу үшін тест тапсырады. Бұрын барлығы «Тест қиын, сұрақтары ауыр» деп айтатын. Біз қазіргі таңда тестілеудің сұрақтарын қысқартып жатырмыз. Мысалы, қазір емтиханды 9 заң жобасынан тапсыру керек болса, алдағы уақытта оның санын 4-ке дейін қысқартсақ деп отырмыз. Оның орнына біз адами қасиеттер, қабілет пен құндылықтарды анықтау сияқты тетіктерді енгіземіз
», - деп жоспарларымен бөлісті агенттік төрағасы. Дархан Жазықбаевтың айтуынша, биыл наурыз айынан бастап 5 мемлекеттік органға қызметкерлерді қабылдау онлайн жүргізіліп жатыр. Осы аралықта 1 адам жұмысқа онлайн процедуралар арқылы қабылданған.