Білім

Мектепте ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады - вице-министр

Мектепте ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады - вице-министр

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова биыл оқу жылының соңында мектептерде салтанатты іс-шараларды өткізуге қойылатын талаптар туралы айтты.

Оның айтуынша, соңғы қоңыраудың салтанатты жиыны мен іс-шараларын қалай өткізуді әр мектеп өзі шешеді. Ал мнистрлік дәстүрлі соңғы қоңырауды қолдайды.

Министрлік бұл іс-шараны 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орайластырылған форматта өткізуді ұсынады. Бұл ретте Шолпан Каринова аниматорларды, мерекелік кештерді ұйымдастыру агенттіктерін, жеке студияларды жалдау үшін қаражат жинауға тыйым салынатынын ескертті. Сондай-ақ мұғалімдерге, мектеп әкімшіліктеріне сыйлық алу үшін ата-аналардан қаражат жинауға қатаң тыйым салынады.