Вице-министр биыл оқу жылы нақты қай күні бітетінін айтты
Вице-министр биыл оқу жылы нақты қай күні бітетінін айтты
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова биылғы оқу жылының соңындағы өзгерістер туралы айтты, - деп хабарлайды Arainfo тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Вице-министрдің сөзінше, биыл 172 мың оқушы 11-сыныпты бітіреді. "Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес, мектептегі оқу мерзімі 31 мамырда аяқталады. 30 мамыр соңғы оқу күні. Бұл күні барлық мектепте әдеттегідей сабақ кестесіне сәйкес оқу сабақтары жүргізіледі", - дейді Шолпан Каринова ОКҚ брифингінде.