Қоғам

Маусымда қазақстандықтар неше күн демалатыны белгілі болды

Маусымда қазақстандықтар неше күн демалатыны белгілі болды

Маусымда қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын атап өтеді. Биылғы Құрбан айт мейрамы 28 маусым, сәрсенбіге түсіп тұр.

Бұл айда 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 26, 27 маусым күндері жұмыс істеп, 28 маусымда демалады. 29, 30 маусым күндері қайта жұмыс істейді. 6 күн жұмыс істейтіндер үшін 26, 27 маусым жұмыс күні болса, 28 маусым демалып, 29, 30 маусым және 1 шілде қайта жұмыс істейді. Осылайша, маусымда 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үшін 9 күн демалыс, ал 6 күн жұмыс істейтіндер үшін 5 демалыс күні бар.