Жаңалықтар

Жастар арасында «QazIQ» брейн-ринг интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды

Жастар арасында «QazIQ» брейн-ринг интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды

«Білімді ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында «QazIQ» брейн-ринг интеллектуалды ойыны өтті

2023 жылдың 26 сәуір күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті жастар ісі жөніндегі комитеті мен Қазақстан студенттерінің Альянсы РСҚ ұйымы ұйымдастыруымен, сонымен қатар Тараз жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Саналы ұрпақ» жобасы аясында студенттердің білім сапасын арттыру мақсатында «Білімді ұрпақ – ел болашағы» тақырыбында «QazIQ» брейн-ринг интеллектуалды ойыны өтті. Ойын 7 кезеңнен тұрып, әр кезеңде Қазақстан тарихы, әдебиет, музыка, кино салалары бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес аясында сұрақтар қойылып, ойынға қатысушылар логикалық және ситуациялық сұрақтарға да жауап беріп, ойын тартысты өтті. Сайысқа 11 команда қатысып, үздік танылған командалар жеңімпаз атанды. Ойын қорытындысы бойынша «KDM TEAM» командасы I орын, «Ұстаз» институты II орын, және «Жастар рухы» командасы жүлделі III орынды иеленді