Жаңалықтар

Тараздағы қоғамдық көліктерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудиороликтер қойыла бастады

Тараздағы қоғамдық көліктерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудиороликтер қойыла бастады

Тараздағы қоғамдық көліктерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудиороликтер қойыла бастады

Тараз қаласында жолаушылар тасымалымен айналысатын 10 автопарктегі 34 маршрут бойынша қатынайтын 150-ге жуық автобустарда ағымдағы жылдың 19 сәуірінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудиороликтер қойыла бастады. Аталған іс-шараның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң аясындағы түсіндірме жұмыстарды тұрғындар арасында кеңінен жүргізу, сенім телефонын номеріне құқықбұзушылықтар туралы хабарлауға шақыру, ғасыр дерты болып табылатын жемқорлық кеселіне қарсы тұруға халықты шақыру. Агенттік тарапынан екі тілде әзірленген аудиороликтер күнделікті қойылып, сол арқылы қоғам өкілдерін барынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске тарту жұмыстары жүргізілуде.