Әлеумет

Twitter аккаунттарды бұғаттауға кірісті

Twitter аккаунттарды бұғаттауға кірісті

Twitter-дің бас директоры Илон Маск әлеуметтік желіде бірнеше жыл бойы пайдаланылмаған аккаунттарды бұғаттайтынын айтты.

Оның айтуынша, қолданылмаған аккаунтардың жазбалары мұрағатта сақталады. Twitter-дің саясатына сәйкес желіге тіркелген азаматтар өз аккаутына айына кем дегенде бір рет кіруге тиіс. Сонымен бірге, Twitter зорлық-зомбылықты, соғысты насихаттаған аккаунттарды бұғаттауға кірісті. Бұған дейін соғысты қолдаған адамдардың аккаунтары бұғатталған болатын.