Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2023 жылдың 1-ші тоқсанындағы қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесі
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2023 жылдың 1-ші тоқсанындағы қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесі
Департаментпен 2023 жылдың өткен мерзімінде 26 нысан аудиторлық іс-шарамен қамтылды, оның ішінде: тізім бойынша – 10, жоспардан тыс - 16, оның ішінде: Комитеттің тапсырмасы бойынша - 5, заңды және жеке тұлғалардың жолданымдарыбойынша – 11.
Аудиторлық іс-шаралар нәтижесі бойынша 25нысанда жалпы сомасы 6 623 088,3 мың теңге құрайтын бұзушылықтар анықталған, оның ішінде: 1 043 044,7 мың теңге қаржылық бұзушылықтар, 5 580 043,6 мың теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасының талаптары бұзылып, жалпы сомасы5 290 861,8 мың.теңгеге бұзушылықтар анықталды, қабылданған ден қою шараларымен жалпы сомасы 4,263 млрд. теңгеге 3 мемлекеттік сатып алу келісім-шарттары бұзылды.
Бюджетке қайтарылып қалпына келтірілуге тиіс 1 043 044,7 мың теңгеден қолданылған шаралар арқылы 500 986,1 мың теңге қайтарылып қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 48,0 пайызды құрады.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар қорытындылары бойынша ден қою шараларымен анықталған бұзушылықтар үшін 40 лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылды, 7 лауазымдық тұлғаларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 1707,7 мың теңге көлемінде айыппұл салынып толығымен өндірілді, яғни орындалуы 100,0 пайызды құрады.
Жамбыл облысы бойынша
Ішкі мемлекттік аудит
Департаментінің басшысы
М.Т.Егембердиев