Қоғам

18 жасқа толған, жүргізуші куәлігі болуға тиіс: самокат тебетіндерге қатысты заң жобасы қаралып жатыр

18 жасқа толған, жүргізуші куәлігі болуға тиіс: самокат тебетіндерге қатысты заң жобасы қаралып жатыр

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов самокат тебетіндер үшін жаңа ережелер дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады Arainfo тілшісі Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, қазір аталған құжат Мәжілісте талқыланып жатыр. Онда төмендегі нормалар қамтылған:

  • Жолдың бойымен тек оң жақта жүруге болады;
  • Шлем болуы керек;
  • Түнде жарық шағылыстыратын белгілер болуға тиіс.

Министрдің айтуынша, заң жобасы әлі қабылданған жоқ. Құжат депутаттардың ұсынысымен енгізілген.

Ішкі істер министрі самокат тебетіндер тротуармен жүрсе, басымдық жолаушыларға (жаяу) берілетінін ескертті.