Облыс әкімі отан қорғаушыларды мерекемен құттықтады
Облыс әкімі отан қорғаушыларды мерекемен құттықтады
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Таразда салтанатты жиын өтті.
«Баласағұн» орталық концерт залында өткен шараға көпшілікпен бірге Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов пен «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаев қатысып, мерекемен құттықтады. Аймақ басшысы өз сөзінде Отан қорғаушылар күні – ел әскерінің қуаты мен айбынын айғақтайтын мереке, еліміздің тыныштығын қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтайтын күн екендігін атап өтті.
Өз кезегінде генерал-майор Мереке Көшекбаев та өзінің ізгі лебізін жеткізді. Салтанатты жиында аймақ басшысы бірқатар әскерилерді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін», Құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапаттады. Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.