ЖАСТАРҒА 134 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ
ЖАСТАРҒА 134 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ
Бағдарламаға 21-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады. Негізгі шарттары: микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін (мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін – 7 жылға дейін); микрокредиттің ең жоғары сомасы – 5 миллион теңгеге дейін; сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 пайыздан аспайды; микрокредит кепілмен қамтамасыз етілуі шарт. Несие алушыларға микрокредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең беріледі. Микрокредит беру жұмыстары наурыз айынан басталып, бүгінгі күнге облыс жастарынан құны 1419,1 млн. теңгені құрайтын 309 жоба қабылданып отыр. Сәуір айында өтініштерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның алғашқы отырыстары өткізіліп, құны 616,1 млн. теңгені құрайтын 134 жоба мақұлданды.
Облыс әкімдінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы