Жаңалықтар

ЖОЛ САПАСЫ – БАҚЫЛАУДА

ЖОЛ САПАСЫ – БАҚЫЛАУДА

Автомобиль жолдарының сапасын, қауіпсіздігін арттыру мақсатында жөндеу жұмыстарын жобаға сәйкес жүргізуді авторлық және техникалық қадағалау қызметтері қатаң бақылауда ұстайды.

Сонымен қатар, жолдың сапасы «Жол активтерінің сапа орталығы» ШЖҚ РМК-мен тұрақты тексеріліп отырылады. Бұл тұрғыда, ағымдағы жылдың 25 сәуірінде "Тоғызкент-Досбол-Шығанақ" автомобиль жолының 20-42 шқ аралығын орта жөндеу нысаны бойынша атқарылып жатқан жөндеу жұмыстарының сапасын, жол жамылғысының қалыңдығын, қолданып жатқан материалдардың техникалық құжаттамаға сәйкестігін тесеру мақсатында сапа орталығы тарапынан зертханалық сынама алу жұмыстары жүргізілді. Осы бағытта жұмыстар жалғасын тауып, басқарманың тұрақты бақылауында болады.