Әлеумет

Депутаттар студенттердің пәтер ақысын субсидиялауды ұсынды

Депутаттар студенттердің пәтер ақысын субсидиялауды ұсынды

Мәжіліс депутаттары студенттердің жалға алатын пәтерінің ақысын субсидиялауды ұсынды, деп хабарлайды Arainfo тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Депутат Ислам Сұңқар осы мәселеге қатысты депутаттық сауалын Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгіновке жолдады.

Оның айтуына қарағанда, Ұлыбритания, Германия, Австрия, Финляндия сынды бірқатар Еуропа елінде студенттерге жалға берілетін жылжымайтын мүліктің барлық санаты бар. Арнайы жабдықталған пәтерлер 3-7 студенттің бірге тұруына лайықталып, жатақханаға айналған.

Сонымен қатар ол жоғары оқу орындарынан түскен ұсыныс бойынша, студенттерді бір адамға арналған 6 шаршы метрден 4 шаршы метрге орналастырудың санитарлық нормаларын қайта қарау қажеттігін айтты. Бұл тұрғын үй кеңістігін неғұрлым ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Елімізде 2022-2023 оқу жылында жоғары оқу орындарындағы жатақханаларда тапшылық 61 435 орын. Тапшылық Алматы, Астана қалаларында байқалады.