Жаңалықтар

Қазақстан мен БАӘ арасындағы әуе рейстерінің саны артатын болды

Қазақстан мен БАӘ арасындағы әуе рейстерінің саны артатын болды

Қазақстан мен БАӘ арасындағы әуе рейстерінің саны артатын болды, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

«2023 жылғы 1 шілдеден бастап «Wizz Air Abu Dhabi» төмен бюджеттік әуе компаниясы ҚР және БАӘ астаналары Астана және Әбу-Даби қалалары арасында аптасына тұрақты жолаушылар рейстерінің санын 3-тен 5 ретке дейін (сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі), сонымен қатар, 2023 жылғы 4 тамыздан бастап Алматы – Әбу-Даби бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерінің санын аптасына 5-тен 7 ретке дейін (күн сайын) арттыруды жоспарлап отыр» делінген хабарламада. Рейстер Airbus 320 және Airbus 321 типті әуе кемелерінде орындалады. Қазақстан мен БАӘ арасындағы рейстер санының ұлғаюы елдер арасындағы туристік, мәдени, инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық әуе тасымалдар нарығындағы бәсекелестікті арттыруға және әуе билеттер бағасының төмендеуіне ықпал ететін болады.