Жамбыл жаңалықтары

Спортпен шыңдалып, еңбекпен есейген ҚАЖ қызметкерлері

Спортпен шыңдалып, еңбекпен есейген ҚАЖ қызметкерлері

Кез келген құқық қорғау қызметкерінің басты міндеті – өз жұмысын мінсіз атқару әрі ел қауіпсіздігін қалтқысыз қамтамасыз ету. Бұл тұрғыда олардың спортпен жүйелі түрде айналысуы аса маңызды. Себебі, санасы сергек, жауапкершілігі жоғары қызметкерлер ғана қоғамды жаңғыртады, құрметке бөленеді.  width=  width= Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 мекемесінің жеке құрам қызметкерлері өз ісінің білікті мамандары ғана емес, салауатты өмір салтын ұстанатын жандар. Қай істе де абыройдың тек еңбекпен келетінін шын түйсінген олар қызмет пен спортты қатар алып жүр. Үздіксіз жаттығудың арқасында бұл салада жетістікке қол жеткізіп үлгергендері де бар.