Жамбыл жаңалықтары

Сотталған азаматтар сынға түсті

Сотталған азаматтар сынға түсті

Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №58 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында салауатты өмір салтын дамыту мақсатында спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күні сотталған азаматтар бұқаралық спорттың бірнеше түрінен яғни, қол күресі, гір тасын көтеру және шағын футболдан өзара кім мықтыны анықтады.  width=  width=   Айта кетейік, тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша шара барысында белсенділік танытқан жазасын өтеушілерге мекеме әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар табыс етілді.