Әлеумет

Болашақ аспаздар арасындағы сайыс

Болашақ аспаздар арасындағы сайыс

Кеше облыс әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында «Jibek Joly Fest-2023» студенттер арасындағы халықаралық чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шара барысында тәжірибе алмасу, халықаралық әріптестік орнату мақсатында меморандум жасалды. Айта кетейік, байқау ағымдағы жылдың 26-28 сәуірінде облыс әкімдігі білім басқармасының Тараз сервис және технология колледжі базасында колледж студенттері арасында «Аспаздық іс құзыреті» бойынша өтеді. Фестивальдің мақсаты – аспаз мамандығының беделін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту. Байқау студенттері шеберлік, жан-жақтылық, әділдік, инновация, адалдық және серіктестік пен ашықтық секілді құндылықтарды көрсете білуі тиіс. Тараз сервис және технология колледжінің базасында жалпы 8 қатысушы өз шеберлігін көрсету арқылы сынға түседі. Қырғыз Республикасынан – 5, Өзбекстаннан – 1, ал Ақтау мен Алматы облыстарынан бір қатысушыдан 3 кезеңде ерекше рецептерімен ас дайындайды. «Jibek Joly Fest-2023» халықаралық кәсіби шеберлік конкурсында көне тағамдарымыз қайта жаңғырмақ. Наурыз көже, ши қуырдақ, той бауырсақ секілді уақыт өтсе де ескірмеген асымызды жас аспаздар дайындайтын болады.

«AR-AI»-ақпарат