Жаңалықтар

Жаңартылған энергия

Жаңартылған энергия

«Zhambyl Economic and Investment Forum-2023» Халықаралық экономикалық және инвестициялық форумының алаңында облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қытайлық «SPIC» корпорациясының өкілдерімен кездесу өткізді.

«SPIC» корпорациясы «Жаңатас жел электр стансасының» құрылысын жүргізіп, іске қосты. Электр энергиясы өндірісінің жылдық қуаты – 350 миллион кВт/сағ. Сондай-ақ 2023 жылы Сарысу ауданында қуаты 100 МВт болатын «Шоқпар жел электр стансасы» ЖШС пайдалануға беріледі деп күтілуде. Компания бұл бағыттағы тәжірибесін электр энергетикасы саласында және басқа да жобаларды жүзеге асыру үшін қолдануға, облыс аумағында ірі электр стансаларын салуға ниетті. Инвесторлар қуаттылығы 600 МВт-қа дейінгі жел электр стансасын салуға барлық мүмкіндіктері жететінін айтты. – Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, жасыл энергетиканы дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жаңартылатын энергия көздері бойынша жобаларды табысты іске асыру облыстың бұл бағыттағы көшбасшылық қабілетін ұстап тұруға мүмкіндік беруде. Инвесторларға қолдау көрсете отырып, біз жыл сайын жаңартылатын энергия көздері нысандарының санын арттыра түсуге дайынбыз, – деді облыс әкімі. Нұржан Нұржігітов жауапты тұлғаларға жобаларды егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырды.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі