Цифрландыру саласындағы жетістіктер
Цифрландыру саласындағы жетістіктер
Келушілерге ұсынылған жобалардың бірі – «New STEP project». Аталған жобаны Тараз инновациялық институты «Педагогика» факультетінің «Шетел тілдері» кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Г.Байғазиева бастаған «Шетел тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша білім алып жатқан 3-курс студенттері әзірлеген. Халықаралық Тараз инновациялық институтының цифрлық технологиялар саласындағы жетістіктерімен таныстыру барысында институт ректоры оқу орнының «Агробиология», «Ветеринария және малшаруашылығы», «Аквакультура» және «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмыстары, жоғары оқу орнының «Huawel» ICT Academy» заманауи технологиялық проектілерді іске асыруға бағытталған жобасы мен облыстағы ауыл жастарының тегін білім алуына арналған «ХТИИ-дың 100 гранты» әлеуметтік жобасы туралы айтып, қонақтарға оқу орнының алдағы жоспарларымен бөлісті.