Азаматтардың өтініштері мен мәселелері жергілікті жерде шешілуі тиіс, – Нұржан Нұржігітов
Азаматтардың өтініштері мен мәселелері жергілікті жерде шешілуі тиіс, – Нұржан Нұржігітов
Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, көтерілген 27 мәселе тиісті салаларға жинақталып, оларды орындау бойынша 17 іс-шара жоспары әзірленген. Айта кетейік, екі күндік форум барысында екі зауыт іске қосылып, бір демалыс орны ашылып, ірі кәсіпорынның іргетасы қаланды. Барлығы 1000-нан аса қонақ қатысса, оның 100-ден астамы шетелдік инвесторлар мен консулдық корпус өкілдері, 400-ден астамы еліміздің өзге өңірінен келген кәсіпкерлер. Шара аясында Жамбыл облысы әкімдігі мен шетелдік 7 компания арасында құны 700 миллион АҚШ долларын құрайтын жобалар бойынша меморандумдарға қол қойды. Бұл жобалар табысты іске асырылғанда 5000 жаңа жұмыс орындары ашылып, 60 миллиард теңгеге салық түсімдері бюджет есебіне салынады деп күтілуде. Сондай-ақ, өнімді экспорттау үшін жаңа нарықтар ашу, экономиканы әртараптандыру бойынша 6 компаниямен құны 42 млн. АҚШ долларына тең келісімдерге келді. Форум барысында кәсіпкерлер үшін В2В кездесулер ұйымдастырылды. Кездесулерде құны 96,5 млн. АҚШ долларын құрайтын келесімдерге қол қойылды. Отандық кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар арасында 20 стратегиялық келісімдер мен меморандумдар жасалып, облыстың ауыл шаруашылығы саласы, туристік нысандары мен жер қойнауын пайдалану бойынша жаңа жобалар ұсынылды. Аймақ басшысы берілген тапсырмалардың сапалы орындалуы, форум жұмысының нақты нәтижесі маңызды екенін баса айтты.
Сонымен қатар, кеңестің күн тәртібіндегі екінші мәселе ретінде жергілікті атқарушы органдарға түсетін жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің динамикасы сараланды. Ол туралы жан-жақты баяндама жасаған облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Серік Әлібеков көрсеткіші нашар аудандар мен басқармаларға да тоқталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасы шеңберінде азаматтардың барлық өтініштері сапалы қаралуы керектігін ескерткен облыс әкімі олардың мәселелері заң аясында нақты шешілу керектігін атап өтті.