Әлеумет

Әлеуметтік қолдау толастамайды

Әлеуметтік қолдау толастамайды

Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты қазіргі кезде экономикалық қиын жағдайда тұрғаны белгілі. Осыған байланысты әлеуметтік көмек халықтың аз бөлігіне ғана көрсетілуде. Анығын айтқанда, әлеуметтік қорғауды қазіргі кезде халықтың көптеген бөлігі қажет етеді. Дегенмен де бұл халықтың тиісті бөлігіне қатысты нақты жүзеге асады немесе әлеуметтік қорғау қоғамның аз қорғалған «әлсіз» бөліктеріне ұсынылады.

Мүмкіндігі шектеулі жан қоғам өмірінің барлық салаларына қатысуға теңдей құқық алады. Тең құқық әлеуметтік қызмет жүйелерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Жоғарыда аталғандай, әлеуметтік саясаттың, әлеуметтік қызметтің және әлеуметтік қорғаудың ең басты объектілерінің бірі – мүгедектік санатындағылар. Мемлекеттің ерекше қажеттілігі бар адамдарға қатысты негізгі міндетіне оларды материалдық тұрғыда қолдауы (зейнетақы, жәрдемақы, жеңілдіктер т.б.) жатады. Алайда еңбекке жарамсыз азаматтар тек материалдық қолдауды ғана қажет етпейді. Оларға физикалық, психологиялық, құқықтық, ұйымдық және тағы басқа көмектерді көрсету де маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыда «Жамбыл облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қызмет алатын 1-2-топ мүгедектігі бар азаматтарға заңды көмек көрсетіліп отыр.

Сандуғаш НҰРСҮЛЕЙМЕНОВА, облыстық мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығының заңгері