«Мағжантану» орталығы ашылды
«Мағжантану» орталығы ашылды
«Тау суындай гүрілдер, Айбынды алаш елім дер. Алтын алқа жерім дер, Мен жастарға сенемін. Қажу бар ма тұлпарға, Талу бар ма сұңқарға. Иман күшті оларда Мен жастарға сенемін», деп жастарға деген махаббаты мен сенімі зор болған ақынның өлеңдері оқылды. Әрмен қарай жиын «дөңгелек үстелге» ұласты. – 1989 жылы осы мектебіміз ашылған. Алаш қайраткері Мағжанның өлеңі арқылы жастарға сенім артып, айбатты болуға шақырып отырмыз. Ақын бір ғана өлеңі арқылы болашақты бағындыру үшін ез болмауға үндейді. Өзі шыға алмаған биікке Алаштың ұл-қыздарының жеткенін көздеді, елдің тұтқасы болғанын қалады. Ол тәуелсіздік жігерлі жастардың қолымен келетінін білді және соларға сенім артты. Бұл тарихи сәт. «Мағжантану» орталығы музей ретінде ашылып отыр, – деді мектеп директоры Салтанат Батырбекқызы. «Дөңгелек үстелде» Мағжан атамыз жайлы келелі әңгіме қозғалып, ақынның шығармалары, өмірі жайлы сыр шертілді.
Э.Байназарова