Айбек Оралбай Ташкенттегі ӘЧ-де бірінші қарсыласын нокдаунға түсірді
Айбек Оралбай Ташкенттегі ӘЧ-де бірінші қарсыласын нокдаунға түсірді
Ташкентте бокстан әлем чемпионаты жалауын көтерді, деп хабарлайды Arainfo.kz Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы атынан шаршы алаңға алғашқы болып Талғат Сырымбетов пен Айбек Оралбай шықты. Тартысты жекпе-жектердің нәтижесінде біздің спортшылар жеңіске жетті.
60 келіде өнер көрсететін Сырымбетов Таиланд елінің өкілі Сакда Руамтаммен бокстасты. Отандасымыз алғашқы секундтардан бастап кездесу тізгінін өз қолында ұстап, айқын басымдық көрсетті. Нәтижесінде Талғат 5:0 есебімен басым түсті. Енді келесі айналымда ол Иордания боксшысы Абу Жаемен жұдырықтасады.
Бұдан кейін, «Хумо-Арена» рингінде 92 келіге дейінгі салмақтағы Айбек Оралбай өз өнерін ортаға салды. Азия чемпионы деген атағы бар Айбек ӘЧ қола жүлдегері - болгариялық Радослав Панталеевпен қолғап түйістірді. Жерлесіміз қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен басым түсті.