Жамбылдықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті
Жамбылдықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтті
Шара барысында этномәдени бірлестік өкілдері театрландырылған көріністер мен концерттік бағдарламалар арқылы өз өнерлерін ортаға салды. Қонақтарға арналып «Достық дастарханы» жайылып, 20-дан астам ұлттық тағамдар ұсынылды. Сондай-ақ, қазақ күресі, өзбек күресі, белбеу күресі, самбо, у-шу, таэквондо, мас-рестлинг, армрестлингтен секілді спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов тұрғындарды мерекемен құттықтап, тілегін білдірді.
Жалпы, облыста 75 этномәдени бірлестіктер бар. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020 жылы өңірімізде бастау алған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы өз нәтижесін беруде. Осы жоба шеңберінде өткен жылы (2022 жыл) жұмысшы топ мүшелері 200-ден астам елді мекендегі тұрғындарымен 600-ден астам кездесу, 150 қоғамдық қабылдау өткізді. Ондағы көтерілген мәселелердің барлығы бақылауға алынып, кезең-кезеңімен шешімін табуда. Сондай-ақ, этнос өкілдері қайырымдылық шараларына да белсенді қатысуда. Мәселен, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында этномәдени бірлестіктердің демеушілері мен меценаттарының қолдауымен 150 млн. 350 мың. теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұдан соң өңірдегі татулық пен келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген этномәдени бірлестіктердің бірқатар өкілдері «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгілерімен, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, бұл күні облыстың барлық аудандарында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шаралар, спорттық жарыстар өтті.