Жаңалықтар

Елден қашқан Серік Күдебаев ұсталды

Елден қашқан Серік Күдебаев ұсталды

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев ұсталды. Ақпаратты Бас прокурор Берік Асылов растады.

Бұған дейін шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың елден қалай қашқанына қатысты болжамын айтты.

Айта кетейік, 3 сәуірде Талдықорғанда өткен сот отырысында прокурор Серік Күдебаевтың қылмыстық ісін тоқтатып, оған халықаралық іздеу жариялауды сұрады. Серік Күдебаевқа сот үкімі 10 наурызда шығуға тиіс еді. Алайда оның ауруханаға түскені хабарланды. Содан кейін сот процесі бірнеше рет кейінге қалды. Қаңтар оқиғасынан кейін істі болған Күдебаевқа қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған. Прокурор оны 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.