ТӨРТ КҮНДІК ЖҰМЫС АПТАСЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
ТӨРТ КҮНДІК ЖҰМЫС АПТАСЫ ЕНГІЗІЛЕДІ
Еңбек кодексіне сәйкес бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы, сондай-ақ толық емес жұмыс аптасы қарастырылған. Бұл жерде жұмыс уақытының ұзақтығы тараптардың келісімі бойынша анықталады. Бұл ретте жекелеген өндірістерде әртүрлі апталарда бір мезгілде бес күндік және төрт күндік жұмыс аптасын белгілеу қажеттілігі туындайды: Еңбек кодексінің 71-бабының 3-тармағындағы жұмыс уақытының режимі мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылады: тараптардың келісімі бойынша еңбек шартында бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасымен кезектесу құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге жол беріледі. Осыған байланысты Кодекстің 78-бабының 2-тармағы үстеме жұмыстардың шекті санын 4, 5 күндік жұмыс аптасына бөледі: үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеу кезінде айына он екі сағаттан – төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында және жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс. Бұған дейін қалай болды? 78-бап. Үстеме жұмыстардың шекті саны. Үстеме жұмыстың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс. Енді не өзгереді? 78-бап. Үстеме жұмыстардың шекті саны. Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы жұмыс уақытының жиынтық есебін белгілеу кезінде айына он екі сағаттан – төрт күндік, бес күндік және алты күндік жұмыс аптасында және жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс. Тиісінше 84-бапта төрт күндік жұмыс режимінде демалыс күндері белгіленеді. Бес күндік, алты күндік немесе төрт күндік жұмыс аптасында жалпы демалыс күні жексенбі болып қала береді. Бес күндік және (немесе) төрт күндік жұмыс аптасындағы екінші немесе үшінші демалыс күні ұжымдық шартта немесе еңбек тәртібінің ережелерінде белгіленеді. Әзірлеушілердің пікірінше, бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істеудің бір аптасы төрт күндік жұмыс аптасымен екінші апта сияқты жұмыс режимін қолдануға болады. Бұл тәжірибе кеңсе қызметкерлеріне қолданылады және еңбек саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
«AR-AI»-ақпарат