Заң

Көші-қон қызметімен бірлесе жұмыс атқаруда

Көші-қон қызметімен бірлесе жұмыс атқаруда

Өзге елдің азаматтары біздің республикамызда заң бұзушылыққа жасаса, қолданыстағы заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады. Дәлірек айтқанда, заңға қайшы әрекетке барғандар сот үкімімен жазаланып, кейбірі бас бостандығынан айырылуы да мүмкін. Өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеген Өзбекстан азаматы дәл осындай заң бұзушылық жасағаны үшін айыпты деп танылған. Екі жылға бас бостандығынан айырылған ол жуырда ғана жаза мерзімінің аяқталуына байланысты еркіндікке жолдама алды. Бостандыққа шыққан азаматқа мекеме қызметкерлері қайта қылмысқа бармауын қатаң ескертіп, оны көші-қон қызметінің өкілдеріне табыстады. Айта кетейік, бүгінде ҚАЖ қызметкерлері өзге де құзырлы органдармен бірлесе жұмыс атқаруда. Соның ішінде, көші-қон қызметінің өкілдерімен тығыз байланыс орнатқан.