Шілдеден бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркелген курьерлер мен такси жүргізушілері салық төлейді
Шілдеден бастап жеке кәсіпкер ретінде тіркелген курьерлер мен такси жүргізушілері салық төлейді
Қаржы министрлігі пилоттық жобаны әзірледі: 1 шілдеден бастап қазақстандық курьерлер мен такси жүргізушілері салық төлейді.
Қаржы министрлігі бұл жобаға барлығы емес, тек тілек білдірушілер қатысатынын нақтылады. Ол үшін олар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, онлайн-платформаға тиісті құжаттарды ұсынуы керек. Содан кейін операторлар ай сайын олардан жарты жылдық табысының 1 пайызын алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, елімізде 500 мыңнан аса курьер бар. Бұған дейін Мемлекеттік кірістер комитеті e-Salyq Business арнаулы мобильді қосымшасын пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолдану тізбесі пошта жөнелтілімдерін жеткізу жөніндегі қызметтерді қоспағанда, курьерлік жеткізу қызмет түрімен толықтырылғанын хабарлады.