Жамбыл жаңалықтары

Жамбыл облысында «ZHEIF-2023» халықаралық инвест форум басталды

Жамбыл облысында «ZHEIF-2023» халықаралық инвест форум басталды

Жамбыл облысында «Zhambyl Economic and Investment Forum – 2023» халықаралық инвестициялық форумы басталды.

Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан ауқымды шара өңірдің қолайлы инвестициялық имиджін одан әрі ілгерілету, инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен инвестициялық ынтымақтастықты тереңдете түсу, облыс экономикасы үшін өте маңызды инвестициялар тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, экономикалық өсуді ынталандыруға мүмкіндік беру мақсаттарына негізделген. Екі күнге созылатын халықаралық форум барысында облысымыздың инвестициялық мүмкіндіктерін инвесторларға кеңінен таныстыра отырып, ауыл шаруашылығы бағыты, жаңартылған энергия көздері, туризм, жер қойнауын тиімді пайдалану салалары бойынша инвесторлар тарту үшін жан-жақты жұмыстар жүргізіледі. 900-ге жуық қонақ шақырылған шара өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, туризм және цифрландыру секілді төрт бағытты қамтиды. Сондай-ақ, форум аясында бірқатар кәсіпорындар іске қосылып, пленарлық отырыс пен «Қазақстанның үздік тауарлары» көрмесі және өзге де бағдарламалар ұйымдастыралады. Бұдан бөлек, Жамбыл облысы әкімдігі мен ірі шетелдік компаниялары арасында 730 млн. АҚШ долларына келісімге қол қойылып, отандық кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар арасында 20 стратегиялық келісімдер мен меморандумдар жасалады деп күтілуде. Айта кетейік, бүгін қонақтар жоғарыда аталған төрт бағыт бойынша бөлініп, Тараз қаласы мен аударға жолға шықты.