Жаңалықтар

Президент Отан қорғаушы және Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шараға қатысады

Президент Отан қорғаушы және Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шараға қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шараға қатысады, деп хабарлайды Arainfo тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы 5 мамырда Бүкілармиялық кеңес өткізеді, ал 9 мамырда Астанада ІІ дүниежүзілік соғыста қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етеді деп жоспарланып отыр.